Placeholder
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Қазақстан жаңалықтары25 желтоқсан 2023, 9:48

Балабақша басшысы 13 млн теңге жымқырған

Тараз прокуратурасы «РозАль» орталығы» жеке балабақшасы басшылығының мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Балабақша басшысы іс жүзінде тәрбиеленбеген балалар үшін бюджет қаражаттарын алған, дейді Жамбыл облысының прокуратурасы.

Аталмыш фактімен ҚР ҚК 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.

Қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тараз РозАль Балабақша Қылмыс

Тақырыпқа жаңалықтар