Placeholder
Фото: gov.kz
Қазақстан жаңалықтары2 ақпан 2024, 14:34

«Бала саны әсер етті». Ұлттық қордан неге аз ақша аударылғаны айтылды

Ұлттық қордан 18 жасқа дейінгі әрбір баланың жеке есепшотына аударылған қаражат түсе бастады. Көпшілік бұған дейін әр баланың  жеке шотына 150-160 АҚШ  доллары мөлшерінде қаражат аударылады деп сенген. Десе де 1 ақпаннан бастап әр балаға 100 доллар 50 центтен түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков мұның себебін бала туу көрсеткішімен байланыстырды.

«Ұлттық қордан балалардың есепшотына қаражат аудару туралы Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев  2022 жылы Жолдауында  айтты.  Сол кездегі есеп бойынша Президент тапсырмасына сәйкес 18 жасқа дейінгі әр баланың жеке есепшотына 150-160 АҚШ доллары мөлшерінде  түседі деп бағамдадық. Ол  кезде еліміздегі  кәмелеттік жасқа толмаған балалардың саны 6 миллион 400 болатын. Бүгінде балалардың саны 6 миллион 917 мыңға жетті. Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың сомасы – 695 миллион  доллар.  Осы соманы 6 миллион 919 мың 131 балаға бөлгенде 100 доллар 50 центтен аударылды», деді вице-министр. 

 

Ұлттық қор аз ақша Дәурен Темірбеков бала туу көрсеткіші

Тақырыпқа жаңалықтар