Placeholder
Байқоңырда бірнеше көшеге қазақша атау берілді
Қазақстан жаңалықтары7 желтоқсан 2023, 11:23

Байқоңырда бірнеше көшеге қазақша атау берілді

Байқоңыр қаласындағы бірқатар көшеге қазақша атау берілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazınform жариялады.

Аталмыш шешімге Байқоңыр қалалық әкімшілігінің басшысы Константин Бусыгин қол қойған.

Енді қаладағы Авиационный көшесі даңқты әскери қолбасшы, жазушы Бауыржан Момышұлы, Гостиничный проезд көшесі Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова, Внутриквартальный проезд көшесі Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың атымен аталады.

Шаһардағы ұзын Набережная көшесі Қорқыт ата атындағы жағалау болып өзгерді.

«Мұндай игілікті шара бұдан бұрын да жүзеге асқан еді. Атап айтқанда, қазірге дейін қала тұрғындары Абай даңғылы, Жанқожа батыр көшесімен қауышты. Оған қоса тағы бір көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмырза Жармановтың құрметіне қойылған болатын», - деп мәлім етті Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілдігінен. 

Байқоңыр қазақша атау көшелер

Тақырыпқа жаңалықтар