Placeholder
Фото: Қаржы министрлігі
Қазақстан жаңалықтары19 наурыз 2024, 14:06

Ауылдағылар «Қазпошта» арқылы декларация тапсырады

ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев келесі жылы барлық азаматтар табыс көзі туралы декларацияны қалай тапсыратынын тұсіндірді. «Келесі жылдан бастап барлық азаматтар өздерінің табысы туралы декларация тапсырады. Біз оған дайынбыз ба?», - деп сұрақ қойды ҚР премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Өз жауабында Қаржы министрі келесі жылы барлық азаматтар декларация тапсыратын 4-кезең іске қосылатынын және жалпы 13 млн адам қамтылатынын еске салды.

«Келесі жылы жалпы 13 млн адам декларация тапсырады. Оған біз дайынбыз. Біз аудандық салық басқармаларында 222 консультация орнын аштық, онда барлық көмек көрсетілетін болады. Қосымша 1414 нөмірі арқылы тікелей консультация алуға болады», - деді Мәди Тәкиев.

Сонымен бірге, министрдің айтуынша, екінші деңгейлі банктердің сервисі арқылы да декларация тапсыруға болады.

«Алыс аудандарда, интернеті жоқ ауылдарда «Қазпоштамен» бірге декларацияны қамтамасыз етеміз», - деп толықтырды М. Тәкиев.

Олжас Бектенов Ауыл Қазпошта декларация

Тақырыпқа жаңалықтар