Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2024, 9:00

Атырау облысынан табылған киік өлексесіне байланысты тергеу жүріп жатыр

Атырау облысындағы Махамбет ауданының аумағында 38 киіктің өлексесі жатыр. Киіктің мүйізін кесіп алып кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атырау облыстық мәслихатының депутаты Бақыт Каметовтің айтуынша, киіктің өлексесі Махамбет ауданындағы Таңдай ауыл округінің аумағынан табылған.

Атырау облысында 38 киіктің өлексесі табылған еді. Осы дерекке байланысты тергеу басталды. 

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің мәліметіне сүйенсек, аталған дерек Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінде Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігімен тіркелген.

«Атырау облысы Махамбет ауданының Таңдай ауылдық округіне қарасты Қалмақты ауылының маңында 38 бас киік өлексесі табылған еді. Кейіннен Бақыт Қаметовтің Facebook желісінде жариялаған дерек бойынша материалдар 2024 жылғы 26 қаңтарда Махамбет аудандық ПБ Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі қосымша хабарланады»,-деп мәлім етті комитеттен.

Белгілі болғандай, Атырау облысы аумағында киік санын реттеу шаралары бекітілген алгоритмге сәйкес 16 қаңтарда басталған.

«Киік санын реттеу «Охотзоопром» инспекторларының тікелей қатысуымен жүзеге асады. Бекітілген алгоритмге сәйкес реттеу нәтижесінде алынған киік ұшалары міндетті түрде асқазан-ішек жолын алып тастап, ішкі мүшелері, басы және терісімен ветеринарлық бақылау үшін ет комбинатына жіберіледі. Мал дәрігерлері ұшаларды қарап байқаған соң ветеринариялық анықтама береді. Киік мүйіздері белгіленген талаптарды сақтай отырып, «Охотзоопром» дериваттарға есеп жүргізетін жауапты қызметкерінің және аумақтық орман шаруашылығы жəне жануарлар дүниесі инспекциясының мемлекеттік инспекторларының бақылауымен бөлінеді. Кейіннен «Охотзоопром» сақтауға жіберу үшін міндетті түрде таңбалауға жатады», -деп хабарлады комитеттен.

Атырау облысы киік өлексесі Тергеу

Тақырыпқа жаңалықтар