Placeholder
Фото: gov.kz
Қазақстан жаңалықтары27 наурыз 2024, 9:46

Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов жаңа қызметке тағайындалды

Ақорда Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгіновтің жаңа қызметке тағайындалғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», делінген ресми құжатта.

Ал бұрын осы қызметті атқарған Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

 

Алтай Көлгінов Төтенше және Өкілетті Елшісі Эстония

Тақырыпқа жаңалықтар