Placeholder
Фото: euronews.com
Қазақстан жаңалықтары9 мамыр 2024, 9:00

Астанаға Нидерланд премьер-министрі келеді

10 мамырда Астанаға Нидерланды Корольдігінің премьер-министрі Марк Рютте келеді. Нидерланды басшысы сапар аясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жұмысымен танысатыны айтылуда, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі жария етті. Премьер-министрдің сапары туралы хабарландыру Голландия үкіметінің ресми сайтында да жарияланған.

Сапар мақсаты — Нидерланды мен Қазақстан арасындағы екіжақты және экономикалық байланысты нығайту, әлемдегі геосаяси жағдайды талқылау.

М.Рюттені Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев қабылдайды.

Күн тәртібінде екіжақты және экономикалық қарым-қатынас, оның ішінде су секторындағы ынтымақтастық мәселелері қаралады.

Түстен кейін шетелдік қонақ елордадағы «Амстердамплейдің» ашылуына қатысады.

Одан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінде Нидерланды мен Қазақстанның су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы тақырыбына арналған кеңес өтеді.

Сапар Нидерланды Премьер-Министрінің М.Нәрікбаев атындағы КазГЗУ университетіне сапарымен аяқталады.

Нидерланд премьер-министрі сапар Астана Марк Рютте

Тақырыпқа жаңалықтар