Placeholder
Фото: depositphotos.com
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 11:00

Астанада жер сілкінді ме - ТЖД жауабы

Астана қаласында жер сілкінісі болды ма? Елорданың Төтенше жағдайлар департаменті осы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

"23.01.2024 жылы сағат 00:19 шамасында Астана қаласы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасына елорда тұрғындарынан жер сілкінісі мәселелері бойынша 30-дан астам қоңырау түсті.

Өтініштер мен хабарламалардың келіп түскен мекенжайлары бойынша жедел-құтқару бөлімшелері жіберілді, олар келген кезде ғимараттар мен құрылыстарға көзбен шолып тексеру жүргізді және жер сілкінісі фактілері расталмады, зардап шеккендер тіркелмеді.

Астанада жер сілкінісі болған жоқ, бұл Алматыда болған жер сілкінісінің салдары болды" делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жедел штаб ашылды, 24-51-47 және 24-51-71 телефондары бойынша жедел желі ұйымдастырылды.

Бұған дейін Алматыда 4 балдық жер сілкінісі сезілгенін жазған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

ТЖД Астана Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар