Placeholder
Фото: City Transportation Systems
Қазақстан жаңалықтары11 наурыз 2024, 10:00

Астанада рамазан айында мешітке түнгі автобустар қатынайды

City Transportation Systems елордада 11 наурыздан бастап қасиетті Рамазан айына орай арнайы автобустар жүретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Халыққа ыңғайлы болу үшін қаланың 5 мешітінен бірнеше бағытта 15 автобус жүреді.

Республикалық бас мешіт:

— Целинный шағынауданы— Есу арнасы;— Республика даңғылыӘзірет Сұлтан мешітінің бағыттары:

— Спутник супермаркеті;— Теміржол вокзалы;— Көктал-1,2Әбу Насыр Әл-Фараби мешіті:

— Көктал-1,2;— Теміржол вокзалы;— Медколледж.Сәдуақас қажы Ғылмани мешіті:

— Көктал-1,2 — Кирпичный.Рахымқызы Райса ана мешітінің бағыттары:

— Рахмет СО.Бағдарлар 21:30-дан 23:00-ге дейін жүреді.

Жол жүру құны — 90 теңге. Қозғалыс сызбасы суретте көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, жол ақысын төлеудің жаңа жүйесіне көшуге және диспетчерлеуді жаңғыртуға байланысты ақпараттық таблолар уақытша жұмыс істемейді.

Бағдарлар қозғалысы туралы ақпаратты Avtobys, 2GIS және Яндекс карталары қосымшаларынан қарауға болады.

Астана Рамазан айы Қоғамдық көлік

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар