Placeholder
Фото: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан жаңалықтары19 ақпан 2024, 13:00

Астанада Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды.

Қазақстан Дүниежүзілік банктің пандемия қорынан өтеусіз грант алып, Пандемия қорының гранты ресми түрде іске қосылды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрілігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, БҰҰ-ның ҚР-дағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Стори, ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла, Пандемия қорының атқарушы директоры Прия Басу және дипломатиялық миссиялар өкілдері қатысты.

Пандемия қорының қаражаты елдің денсаулық сақтау жүйесінің эпидемиологиялық қадағалау, шекаралық бақылау, зертханалық қауіпсіздік, ерте анықтау және ден қою, сондай-ақ персоналды оқыту саласындағы міндеттерін шешуге бағытталатын болады.

ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік офисі осы гранттың елде іске асырылуын үйлестіреді және ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне жалпы техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан ДДҰ Еуропалық өңірінің 36 елінің біріне айналды, үш жыл мерзімге 19 млн. АҚШ доллары сомасына елдік грант және 27 млн. АҚШ доллары сомасына көп елдік грант алды.

 

Дүниежүзілік банктің пандемия қоры дүниежүзілік банк өтеусіз грант пандемия қоры

Тақырыпқа жаңалықтар