Placeholder
Фото: gov.kz
Қазақстан жаңалықтары22 сәуір 2024, 13:34

Астанада бірінші рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті

Астанада «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экологиялық акциясы өтіп жатыр. Оның аясында Астанада қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі өтті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

Экоакция барысында Байқоңыр ауданы әкімдігінің бастамасымен алғаш рет қазақ-түрік тағамдарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге түрік елінің әйгілі бөректері, симиттері және ірімшік пирогтары ұсынылды. Сондай-ақ тұрғындарға бауырсақ, құрт, ірімшік, шай таратылды.

Ататүрік саябағында өткен жәрмеңкеге Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұстафа Капучу және Түркияның басқа да өкілдері, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Байқоңыр ауданының белсенді тұрғындары мен ерікті жастар қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада бұл апталық «Киелі мекен» деп аталады. Оның барысында қала ескерткіштері мен олардың маңайында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Жасыл аймақ» деп аталатын үшінші апта ағаш отырғызу мен көшеттерді әктеуге арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталып, ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумақтарын тазалау мен абаттандыруға арналады.

«Мөлдір бұлақ» деп аталатын соңғы, бесінші аптада су қоймаларының айналасы – өзен-көлдер қоқыстан тазартылады.

Астана қазақ-түрік тағамдары жәрмеңке

Тақырыпқа жаңалықтар