Placeholder
Фото: ҚР Ұлттық ұланның баспасөз қызметі
Қазақстан жаңалықтары26 қаңтар 2024, 9:23

Астанада адасқан қыз анасына табысталды

Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінің әскери қызметшілері елордада адасып кеткен кішкентай қызды тауып, ата-анасымен табыстырды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Arbat.media

24 қаңтарда Астана қаласының Нұра ауданында патрульдік-бекеттік қызмет атқарған әскери жасақ бастығы қатардағы Буняд Музаффаров пен патрульші қатардағы жауынгер Жүрсін Ерлікұлы көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген бес жасар қызды байқады. Белгілі болғандай, ол ата-анасынан алыстап, адасып кеткен.

– Біз бұл туралы әскери жасақтар бойынша кезекшіге дереу хабарладық. 15 минуттан кейін қыздың анасы бізге келді. Анасына қызын тапсырдық, - деді қатардағы жауынгер Буняд Музаффаров.

Сәбидің ата-анасы әскери жасаққа, сондай-ақ әскери бөлімнің қолбасшылығына зор алғысын білдірді.

Астана адасқан қыздар Ұлан

Тақырыпқа жаңалықтар