Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары3 мамыр 2024, 8:00

Ақтөбе: Тәркіленген темекіні кәсіпкерге өткізіп жіберген

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары қылмыстық іс бойынша заттай айғақ ретінде тәркіленген темекіні жауапкершілігі шектеулі серіктестікке беріп жіберген. Мемлекетке 243 млн теңге шығын келтірді. Сот үкімімен полиция қызметкері бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қылмыстық іс Мәртөк аудандық сотында қаралды. Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасарына Қылмыстық кодекестің «Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» бабы бойынша айып тағылды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Іс материалына сүйенсек, Мәртөк аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары 2020 жылы тамыз айында заттай айғақ ретінде тәркіленген 611 960 дана темекіні қорабымен жауапкершілігі шектеулі серіктестікке заңсыз беріп жіберген.

ЖШС-нен облыстық ПД есепшотына ешқандай қаржы аударылмады. Нәтижесінде шығын көлемі 243 млн теңгеге жеткен.

— Сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда темекіні сату үшін бергенін, бұл ретте ешқандай пайдакүнемдік ниеті болмағанын көрсетті. Прокурор соттан ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп тануды және полиция майоры шенінен, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Соттың үкімімен Е. 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Үкім заңды күшіне енген жоқ, — деп хабарлады Мәртөк аудандық сотының баспасөз қызметі.

Ақтөбе темекі полицей тәркілеу

Тақырыпқа жаңалықтар