Placeholder
Фото: видеодан алынған скрин
Қазақстан жаңалықтары13 сәуір 2024, 16:43

Ақмола облысының Астрахан ауданында төтенше жағдай жарияланды

Ақмола облысының Астрахан ауданында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл Көкшетау қаласынан бөлек, облыста төтенше жағдай жарияланып отырған 5-ші аудан, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Құрметті Астрахан ауданының тұрғындары! Колутон, Аршалы және Боқсық өзендердегі судың деңгейі күрт көтерілуіне және ауылдардағы үйлерді су басуына байланысты Астрахан ауданының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау органдары және ТЖБ органдары тарапынан су басқан аумақтардан халықты, мал мен мүлікті эвакуациялау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. №6 агротехникалық колледже, Старый Колутон орта мектебінде, сондай-ақ, №3 Жалтыр орта мектебінде эвакуацияланған тұрғындарға орналастырылды. Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға келтірілген залал комиссия тексергеннен кейін өтелетін болады», - делінген аудан әкім Талғат Ерсейітовтың аудан тұрғындарға жолдаған үндеуінде.

Әкімнің айтуынша, қазіргі кезде, аудан әкімдігі жанынан су тасқынына қарсы штаб ұйымдастырылып, жұмыс істеуде.

Су тасқынына байланысты кез келген ақпаратты 5-11-01 телефон нөмірі арқылы білуге болады.

 

Ақмола облысы Астрахан ауданы Төтенше жағдай Тасқын

Тақырыпқа жаңалықтар