Placeholder
Фото: pexels.com
Қазақстан жаңалықтары10 наурыз 2024, 6:27

Алматыдан 276 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ТЖМ қарасты Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының станциялар желісі 9 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 17:35 минутта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10.8, магнитудасы – 4.8. Жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болған.

MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы деректер: Қазақстан аумағында сезілген жоқ.

Жер сілкінісі Алматы 276 шақырым

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар