Placeholder
Фото: pexels.com
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 20:31

Алматыдан 252 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 23 қаңтарда сағат 18:09-да ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмология институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media.  

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 252 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 12.1, ал MPV магнитудасы - 5,4. Эпицентрдің координаттары - 41.42° С. Е. 78.80° ш.б., тереңдігі - 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша, ҚР аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ», - делінген хабарламада.

252 шақырым Алматы Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар