Placeholder
фото: dzen.ru
Қазақстан жаңалықтары2 ақпан 2024, 15:34

Алматыдағы зілзала: үйлер қирап жатса кім жауап береді?

Отандық БАҚ өкілдері Индустрия және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшиннен Алматыдағы сапасыз салынған үйлер келесі жер сілкінісіне төтеп бере алмаса, ғимараттардың опырылуына кім жауап беретінін сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Egemen.kz жазады.

Вице-министр жедел әрекет ету және үйлерді тексеру шаралары одан әрі күшейтіледі деп сендірді.

«Төрт-бес баллдық жер сілкінісі болды, үйлер қалыпты жағдайда. Нысанның сапасы үшін сол үйдің жобалаушысы жауап береді. Біріншіден, нысан сапасы жобаға байланысты. Екіншіден, мұндай құрылысқа белгілі бір объектілерге сараптама жүргізген сарапшылар жауапты. Үшіншіден, жүктелген жауапкершілікті құрылысшылар да сезінуі керек. Сондықтан құрылысшыларымыз ғимарат салған кезде жобаны берік ұстанып, дұрыс әрі сапалы құрылыспен айналысуы керек», деді Тимур Қарағойшин.

Жер сілкінісі қирау жауаптылар

Тақырыпқа жаңалықтар