Placeholder
Фото: Kazinform/Александр Павский
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 1:20

Алматыдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмеген

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады. 

«Ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Тыныштық сақтауларыңызды сұраймыз. Қауіпсіздік мақсатында келесі ескертуге дейін далаға шығу керек», - деді Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 4 балдық жер сілкінісі сезілгенін жазған едік.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде, Қазақстен мен Қырғызстан шекарасы аумағында болды.

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.

Жер сілкінісі Алматыда 4 балл деңгейінде (MSK-64 шкаласы бойынша) сезілді.

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өзара іс-қимыл алгоритмі бойынша тиісті мемлекеттік органдарға хабар берілді. Тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің жұмысына мониторинг жүргізіліп жатыр.

Алматы Жер сілкінісі

Тақырыпқа жаңалықтар