Placeholder
Фото: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан жаңалықтары8 ақпан 2024, 14:42

Алматыдағы көшкін: Қираған үй астында қалған 3 адамның денесі табылды

Алматыда лай көшкіні салдарынан қираған үй үйіндісінің астында қалған барлық адамның денесі табылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Құтқарушылар оқиға орнынан 1984 жылы туған ер адам мен 1980 жылы туған әйелдің және 2007 жылғы екі жас жігіттің денесін шығарды», - деп хабарлады қалалық ТЖД.

Төтенше жағдайлар министрлігінің психологтары марқұмдардың туыстары мен көршілеріне жедел психологиялық көмек көрсетуде.

Бұған дейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мен Республикалық жедел-құтқару жасағының күштері үйінді астынан бір ер адамның денесін тапқан.

Кейін Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин лай басып қалған үйде ерлі-зайыпты мен 2007 жылы туған егіз ұлдары тұрғанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 8 ақпанда Медеу ауданының «Тау Самалы» шағын ауданындағы Олимпиский көшесі бойында техногендік сипаттағы топырақтың лайлануы салдарынан лай көшкіні болды.

Алматы лай көшкіні қаза тапқандар

Тақырыпқа жаңалықтар