Placeholder
ото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform
Қазақстан жаңалықтары13 ақпан 2024, 1:08

Алматыдағы көкөніс дүкенінде ер адам оқ атты

Алматыда қаруланған ер адам көкөніс дүкеніне кіріп, атыс шығарды. Әлеуметтік желіге шыққан видеодан белгісіз біреудің көкөніс дүкенінде қарудан атыс шығарғаны, салдарынан бір ер адамның жараланғанын көруге болады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Желіде тараған басқа ақпаратта оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Sholpan city тұрғын үй кешенінде болғаны жазылған.

Алматы қаласының полиция департаменті бұзақылық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс келесі күні Тергеу басқармасымен алғашқы тергеу іс-шараларының деректері негізінде кісі өлтіруге оқталу бойынша қайта даярланғанын хабарлады.

«Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Заттай дәлел тәркіленді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы Атыс көкөніс дүкені

Тақырыпқа жаңалықтар