Placeholder
Фото: Алина Тулеубаева/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары23 қаңтар 2024, 4:54

Алматыда жер сілкінісі кезінде үш адам көпқабатты үйдің терезесінен секірді

Алматыда жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті, бір тұрғының жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түнгі сағат 03:00-тегі жағдай бойынша 8 адам зардап шекті.

Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.

«Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.

Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді.

Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады басқармадан.

Сондай-ақ, үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.

 

Алматы Жер сілкінісі Оқыс оқиға терезеден секірген

Тақырыпқа жаңалықтар