Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары23 ақпан 2024, 11:00

Алматыда тұмау мен ЖРВИ жұқтырғандар саны артты

Алматыда 22 235 адам жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған (ЖРВИ), - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, мегаполисте ЖРВИ сырқаттанушылық бойынша маусымдық көтерілу байқалады.

«Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші — 997,2%. Осы жылдың қарашасынан бері А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық», — дейді Әсел Қалықова.

Айтуынша, қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда жүр.

Т

Алматы эпидемия тұмау ЖРВИ

Тақырыпқа жаңалықтар