Placeholder
Фото: Kazinform
Қазақстан жаңалықтары29 қаңтар 2024, 14:30

Алматыда пәтер ұрылары ұсталды

Алматыда Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген төрт жігіт пәтерлерді тонап жүрген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық топтың құрамында Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан келген 28 бен 33 жас арасындағы жігіттер болған. Барлығы да бұрын сотты болғандар.

«Қазір олардың қалада жасалған 5 ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Күдіктілер «Мирас» шағын ауданындағы үйлердің бірінде қылмыс үстінде ұсталды. Олар күндіз бірінші қабаттағы пәтерге терезе арқылы кіріп, үйді тонап, қашып кеткен. Алайда, бірнеше минут өткен соң, полицияның арнайы жасақтарының көмегімен ұсталды.

Қылмыстық топ мүшелерінің Алматыда «Шевроле» және «Тойота» маркалы көліктерін жүргізгені белгілі болды. Аса ірі көлемдегі пәтер ұрлығына қатысты қылмыстық іс тергелуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов. 

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. Сондай-ақ ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналатыны хабарланды.

Алматы Пәтер ұрылар ШҚО

Тақырыпқа жаңалықтар