Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары6 желтоқсан 2023, 8:34

Алматыда із-түзсіз жоғалған еркекті бесінші күн іздеп жатыр

Алматыда із-түзсіз жоғалған еркекті бесінші күн іздеп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

29 қарашада Тимур Попов үйінен белгісіз бағытта шығып, әлі оралмаған.

Instagram желісіндегі kogam_almaty қоғамдық парақшасында жарияланған мәліметтерге сәйкес, ер адам 1989 жылы 14 ақпанда дүниеге келген.

Тимур қара күртеше, көк джинсы шалбар, сары етік киген. Бойы 183 сантиметр, дене бітімі орташа, көзі қоңыр, шашы қара, сақалы бар.

«Ол күртесін киіп, тіпті бас киімін де алмай үйден шығып кетті.

Келесі күні түнгі сағат 3-те оның телефонынан Талғардың геолокациясы көрсетілген SOS сигналын алдым. Осыдан кейін телефон өшіп қалды, қайта қосылмайды», – дейді жоғалған азаматтың әйелі.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі Медеу ауданы әкімшілігінде іздестіру ісі қозғалғанын хабарлады.

Тәртіп сақшылары ер адамды іздеуге бағытталған шара кешенін жүргізіп жатыр.

Тимур Попов Іздеу Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар