Placeholder
Алматы №2 клиникалық балалар ауруханасы
Қазақстан жаңалықтары31 қаңтар 2024, 15:23

Алматыда екі жасар сәбидің артық саусағын алып тастады

Алматыдағы №2 клиникалық балалар ауруханасының ортохирургтері Ресейдің Н.Пирогов атындағы Жоғары медициналық технологиялар клиникасы мамандарымен бірлескен шеберлік класы аясында күрделі ортопластикалық ота жасады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Қыз бала полидактилияның күрделі түрімен туған, оң қолындағы бас бармағы қосарланып кеткен.

Мамандардың сөзіне сүйенсек, артық саусақты алып тастау оңай емес, . ол үшін қолдың эмбриологиясын жетік білу қажет. Оның үстіне, іштей кеміс туған.

Қосарланып кеткен бас бармақтың пішіні бұзылып, тым жіңішкеріп кеткен екі саусақтан бас бармақ жасау қажет болды.  

Клиникада өткен бес күндік шеберлік класы барысында аяқ-қол кемістігімен туған немесе басқа да күрделі диагноз қойылған қазақстандық 5 балаға ота жасалды. 

«Ресейлік әріптестер бізге «Милосердие» қорының шақыртуымен келді. Шеберлік класына Алматы, Павлодар, Қарағанды, Талдықорған, Алматы облысының балалар ортопедтері, ортохирургтер,  анестизиологтар да қатысты. Күрделі ортопластикалық және қалпына келтіруге бағытталған оталарға қоса, көптеген балалар білікті мамандардан кеңес алды», - дейді №2 ҚБКА директоры Марат Рабандияров.

Оталарда жергілікті жансыздандырудың бірегей технологиясы қолданылды.

Бала тез есін жиып, наркоздың кері әсері азайды. Бала операция залында оянды, - дейді аурухананың травматология бөлімшесі меңгерушісі Ерлан Садырбалин.

Алматы күрделі ота пластикалық ота

Тақырыпқа жаңалықтар