Placeholder
Фото: instagram
Қазақстан жаңалықтары5 наурыз 2024, 12:00

Алматыда бала жетектеген әйелді автобус қағып кетті

Алматыда бағдаршамның жасыл түсіне жолды кесіп өткен ана мен баланы автобус қақты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға кеше таңғы уақытта қаланың Медеу ауданында болған.

«Автобус жүргізушісі Райымбек даңғылы бойымен шығыс бағытта келе жатып, Қонаев көшесіне оңға қарай бұрылған кезде бала жетектеген әйелді қағады. Олар шығыс бағытта бағдаршамның жасыл түсіне жол бөлігінен өтіп бара жатты. Әйел сол жердегі жақын ауруханалардың біріне жеткізілді. Бала зардап шеккен жоқ. Оқиғаның мән-жайын Медеу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алматы автобус Бала Ана

Тақырыпқа жаңалықтар