Placeholder
Фото: Михаил Сорокоумов
Қазақстан жаңалықтары25 қаңтар 2024, 9:34

Алматы хайуанаттар бағындағы жануарларға жер сілкінісі қалай әсер етті

Алматы хайуанаттар бағы жер сілкінісі кезінде жануарлар қандай күйді бастан кешкені жайлы әлеуметтік желіге жазды, - деп хабарлайды Arbat.media

«Түнгі уақытта зообақта күзет қызметкерлері мен кезекші ветеринарлардан басқа адам болмайды. Қызметкерлердің айтуынша, жер сілкінісіне дейін жануарларда ешқандай ерекше іс-қимылдар байқалмаған. Жер сілкінісі болған соң, қасқырлар ұлып, тырна, бүркіт, қаз, үйрек секілді құстар шулай бастаған. Таңертең қызметкерлеріміз зообақтағы жалпы жағдайды тексеріп, барлық қоршауларды бақылап шықты. Олар қорыққаннан бірін-бірі құшақтап, бұрышта тығылып отырған Паша мен Лола атты шимпанзелердің жұбын көреді», - деп жазды зообақ ұжымы.

Сондай-ақ зообақтың мәліметінше, өткен ғасырдың 80-90 жылдары ҚазССР Ғылым академиясының Сейсмология институты мамандарының жетекшілігімен Алматы хайуанаттар бағының Ғылыми кеңесі жер сілкінісін болжауға қатысты зообақ жануарлары арасында арнайы зерттеулер жүргізген.

«Мамандар жануарлардың жер сілкінісі алдында және одан кейінгі іс-әрекеттерін, мінез-құлықтарындағы өзгерістерді зерттеген. Сол кезеңдерде қалада адамдарға сезілген 15 жер сілкінісі болған екен. 6 түрлі жануар жер сілкінісі алдында әдеттен тыс іс-қимылдар жасаған. Көп жағдайда жер сілкінісін алды ала жыландар сезіп, белсенді қимылдағаны байқалған», - деп жазды Алматы хайуанаттар бағы.

Алматы Жер сілкінісі жауарлар хайуанаттар бағы

Тақырыпқа жаңалықтар