Placeholder
Фото: Алматы облысының ТЖД
Қазақстан жаңалықтары22 ақпан 2024, 20:43

Алматы облысында өрт болып, ер адам ауруханаға жеткізілді

Алматы қаласы маңындағы Талғар ауданы Гүлдала ауылындағы жер үйден өрт шығып, ер адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Бүгін сағат 15:22-де Талғар ауданының Гүлдала ауылында 138 шаршы метр алаңда жер үйдің шатыры және бір бөлмесі жанған. Сондай-ақ үйдің 30 шаршы метр төбе жабыны құлаған.

«Өрт сағат 16:13-те оқшауланып, 17:25-те сөндірілді. Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД зерттеу сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жолданды», - делінген хабарламада.

Өрт салдарынан ер адам ауруханаға жатқызылғаны айтылған.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Гүлдала ауылы Өрт Алматы облысы ТЖД

Тақырыпқа жаңалықтар