
Қазақстан жаңалықтары•21 қараша 2023, 16:53
Алматы облысында көлік оқушысының аяғын басып кетті
Алматы облысы Алмалыбақ ауылында оқушының аяғын жеңіл көлік басып кетті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Әлеуметтік желіде Алмалыбақ ауылындағы мектеп алдында оқушыны көлік қақты деген ақпарат тарады
Пуыл тұрғындары бұған дейін мектептің алды қараңғы екеніне бірнеше рет шағымдан екен.
Алмалыбақ орта меткеп гимназиясы жазба қалдырды.
«20 қараша, сағат 17.30 шамасында мектеп алдында 5 „Г“ сынып оқушысының аяғын жеңіл автокөлік басып кеткен. Оқиға болған уақытта дереу жедел-жәрдем шақырылып, оқушының ата-анасы бірден хабардар етілді. Келген жедел-жәрдем қызметкерлері оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, Қарасай аудандық орталық ауруханасына алып кетті», — деп хабарлады Алмалыбақ орта меткеп-гимназиясы.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: