Placeholder
Фото: Қорғаныс министрлігі
Қазақстан жаңалықтары18 сәуір 2024, 9:42

Алматы облысында ардагерлерге 2 млн теңгеден беріледі

Ұлы Жеңіс күніне 79 жыл толуына орай Алматы облысындағы жеті ардагерге 2 млн теңгеден қаржы бөлініп, азық-түлік себеті беріледі, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше сонымен қатар тылдағы еңбегі мен қызметі үшін КСРО-ның орден-медальдарымен марапатталған адамдарға, жауынгерлерге, қоршаудағы Ленинград жұмыскерлеріне, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындарына, радиациялық апаттар мен ядролық сынақтардың құрбандары, сондай-ақ, соғыс мүгедектеріне 10-нан 50-ге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлемақы төленеді.

«Бұл ретте Екінші дүниежүзі соғысы жауынгерлерінің құрметіне қойылған ескерткіштер назардан тыс қалмады. Облыста Ұлы Отан соғысының 138 ескерткіші болса, оның ішінде 99 ескерткішті әктеу және сырлау жұмыстары жүргізілген. Бұл әрекет рух бірлігін нығайтып, ата-бабаларымызды жадыда сақтауға мүмкіндік береді», — деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы облысы Жеңіс күні ардагерлер 2 млн теңге

Тақырыпқа жаңалықтар