Placeholder
Фото: Pixabay
Қазақстан жаңалықтары25 қаңтар 2024, 14:19

Алматы маңында бүгін тағы бірнеше жерасты дүмпуі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмология институты 25 қаңтарда Қытай аумағында болған бірнеше жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Arbat.media

Алматы уақытымен 10 сағат 21 минут 57 секундта тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 282 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,0. MPV магнитудасы — 4.3. Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

Алматы уақытымен 10 сағат 29 минут 52 секундта тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,6. MPV магнитудасы — 4.5. Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

Алматы уақытымен 10 сағат 54 минут 54 секундта тіркелген үшінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 259 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 10.2. MPV магнитудасы — 4.6. Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

Алматы уақытымен 10 сағат 59 минут 21 секундта тіркелген төртінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 258 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,5. MPV магнитудасы — 5.2. Қазақстан аумағында сезілген жоқ. 

Алматы маңы Жер сілкінісі жерасты дүмпуі

Тақырыпқа жаңалықтар