Placeholder
Фото: olympic.kz
Қазақстан жаңалықтары26 қаңтар 2024, 15:05

Александр Винокуров Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанды

Александр Винокуровтың Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанғанын Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Велоспорттан еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуровпен кездестім. Даңқты велошабандозымыз отандық спортты, оның ішінде велоспортты дамыту жолында қажырлы еңбек етіп келеді. 2013 жылдан бері ол әлемге әйгілі „Астана“ велокомандасын басқарады», — деп жазды министр.

Кездесу барысында Александр «Астана» велокомандасының халықаралық жарыстардағы нәтижесі мен болашақ даму жоспарлары туралы айтып берген. Велоспорттан ұлттық құраманың көшбасшылары осы ұжымның өкілдері екені белгілі. Басқосуда осы жазда Парижде өтетін Олимпиадада ел намысын қорғайтын велошабандоздарды дайындаудың жеке жоспары талқыланған.

«Жиын соңында Александрға Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы құрметті атағын тапсырдым. Ол өз кезегінде жазда ұлттық құрамамен бірге Париж Олимпиадасына баруға уәде берді. Оның спорттағы тәжірибесі мен қолдауы біздің спортшыларға төртжылдықтың басты додасында лайықты өнер көрсетуге көмектеседі деп сенемін», — дейді Ермек Маржықпаев.

Александр Винокуров Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушы

Тақырыпқа жаңалықтар