Placeholder
Фото: видеодан алынған кадр
Қазақстан жаңалықтары5 ақпан 2024, 20:33

Әкімдік алдында көбік толы ваннаның ішінде жатқан жігіт 15 күнге қамалды

Талғарда жас жігіт көбік толған ваннаны әкімдіктің алдында әкеліп қойып, ішінде компот ішіп жатқан. Оның видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

Алматы облысы Талғар аудандық сотында ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігі бойынша азамат Ә-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол 2 ақпан күні сағат 20:00 шамасында Талғар қаласы Қонаев көшесінде аудандық әкімдіктің алдында, жаяу жүргінші өткелінің ортасына көбік толған ваннаны қойып, ішінде компот ішіп жатқан.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kris P Press (@kris_p_press)

«Азамат Ә. осы әрекетімен жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қоғамдық орында айналасындағыларды сыйламайтынын бiлдiріп, қоғамдық тәртiптi бұзған. Оның кінәсі әкімшілік хаттама және оның түсініктемесімен толық дәлелденді. 3 ақпандағы сот қаулысымен Ә. ӘҚБтК 434 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды» деп хабарлады Талғар аудандық сотының баспасөз қызметі.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Талғар Әкімдік ванна әкімшілік іс

Тақырыпқа жаңалықтар