Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары16 ақпан 2024, 9:14

Адамның бойы неше жасқа дейін өседі?

Сұңғақ бойлы болуды кім жақсы көрмесін. Ең болмаса баламның бойы ұзын болса екен дейтін ата-ана көп. Жалпы адамның бойының өсуіне 300 ген жауап береді дейді ғалым-дәрігерлер, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Tanym Media жазады. 

Әйтсе де баланың бойы қанша болатынын алдын ала есептеуге болады екен.

Бұл үшін анасының бойына әкесінің бойының ұзындығын қосу керек, оған ұл болса 13-ті қосып, қыз болса 13-ті алып тастап, сосын шыққан санды екіге бөледі. Бұл баланың болашақ бойының ұзындығы. Әрине, шамамен.

Бойдың ұзындығы ең алдымен генетикаға – ата-анасына, тегіне байланысты.

Сонымен қатар, басқа да фактілер әсер етеді.

Біріншіден, тамақ. Тұрмысы нашар отбасында туып, бірде аш, бірде тоқ жүретін баланың бойы құрдастарынан төмен болады. Бірақ, тым артық тамақтану да зиян.

Екінші фактор – бала өсіп жатқан үйдегі психологиялық ахуал. Егер бала отбасында үнемі теперіш көріп, стресс алатын болса, бойының өсуі де нашарлайды.

Үшінші фактор – кейбір аурулар, мысалы, туабітті өсу гормонының жетіспеушілігі. Бойдың өсуін созылмалы аурулар да тежейді, оның ішінде қолқа демікпесі, бүйрек ауруы, жүрек ақауы бар. Яғни адам ағзасы жайсыз жағдайларға осылай үн қатады.

Төртіншісі – спорт. Қарқынды дене жаттығуы бойды тежейтіні белгілі. Сол себепті кейбір спорт түрімен айналысатын адамдардың бойы бәкене болады. Бір жақсысы, егер ауыр атлетикамен айналысып жүрген жас бала оны тастап кетсе, бойы ары қарай өсе береді.

Бой өсуінің бірнеше кезеңі бар: Құрсақтағы кезең, бір жасқа дейінгі, 6-8 жас аралығы, жыныстық жетілу кезеңі (13-16 жас). Әдетте адам ағзасы бала тууға 18-19 жаста дайын болады, міне сол кезде бойдың өсуі тоқтайды.

адамның бойы бойдың өсуі зерттеулер ғалымдар

Тақырыпқа жаңалықтар