Placeholder
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform
Қазақстан жаңалықтары13 наурыз 2024, 11:00

5 млн теңгеге жуық айыппұлын төлемеген екі жүргізуші ұсталды

Атырау облысында айыппұлын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізуші анықталды. Оның ішінде 5 млн теңгеге жуық айыппұлы бар екі жүргізушінің автокөлігі арнайы тұраққа қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жеке сот орындаушыларымен бірлескен рейд жүргізілген.

«Бірлескен рейдтің мақсаты – жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алудың тиімділігін арттыру. Рейд кезінде әр түрлі сомадағы айыппұлын төлемей жүрген 50-ге жуық жүргізуші анықталды. Мәселен, Volkswagen Polo автокөлігінің жүргізушісі 3 млн 209 мың 394 теңге айыппұлын әлі төлемеген. Ал, Lada–21903 автокөлігінің иесіне 1 млн 792 мың 167 теңге айыппұл салынған. Екі жүргізушіге қомақты айыппұлын төлеу қажеттігі ескертілді. Олардың көліктері арнайы тұраққа қойылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау облысы жүргізушілер Айыппұл

Көп оқылғандар:

Тақырыпқа жаңалықтар