Placeholder
Фото: Freepik
Қазақстан жаңалықтары30 қаңтар 2024, 21:34

4 млн теңгеден аса алимент қарызын төлемеген әке қамауға алынды

Павлодарда 4 млн теңгеден аса алимент қарызын төлемеген әке қамауға алынды. Сот ер адамның алимент төлеуі тиістігі туралы шешімді 2017 жылы шығарған. Алайда ол алты жыл бойы жауапкершіліктен жалтарып келіпті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Павлодар облысының полиция департаментінен хабарлағандай ер адамның өз балалары алдындағы алимент қарызы 4 млн теңгеден асып кеткен. Қазір тәртіп сақшылары азаматты қамауға алып, Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

«Тағы бір жағдай, Ертіс ауданының тұрғыны 2021 жылдан бері алимент бойынша берешегін өтемей келген. Оның қарызы екі млн теңгеден асып отыр. Бұл факті бойынша да тергеу шаралары жалғасуда», деп хабарлады өңірлік полиция департаментінен.

Былтыр полицейлер алимент төлемеген 296 әкеге іздеу жариялаған.

павлодар Алимент Қамау қарыз әке

Тақырыпқа жаңалықтар