Placeholder
Фото: aqmola_pd
Қазақстан жаңалықтары31 қаңтар 2024, 12:34

«26 жыл іздеуде болған». Жәбірленушілерді атып, орманға көмген соңғы қылмыскер ұсталды

Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Банда мүшелерінің есебінде төрт адам өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау фактілері бар. Өзінің қылмыстарын 26 жыл бұрын жасай бастады. 1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматты атыс қаруымен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Денелерді орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан», делінген ақпаратта.

1999 жылы банданың төрт мүшесі ұсталды. Кейіннен сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына, қалғандары ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды. Құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, оған қоса сыртқы келбетін де өзгерткен және 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынған топтың бір ғана мүшесі әділеттіліктен қашып құтыла алды.

2024 жылдың 27 қаңтарында жедел-іздестіру іс-шаралары мен ұзақ әзірлемелердің нәтижесінде, топтың соңғы қатысушысы Көкшетау қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу рәсімдері жүргізіліп жатыр.

 

 

Қылмыстық топ Ақмола облысы

Тақырыпқа жаңалықтар