Placeholder
Фото: @kozachkow
Қазақстан жаңалықтары22 сәуір 2024, 13:32

13 жастағы қызды зорлады деген күдікті ұсталды

Алматыда жасөспірім қызды зорлады деген күдікті ұсталды.  Жазба авторының айтуынша, оқиға 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған. Болжам бойынша, ер адам пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан және қылмысты көлік тұрағында жасауы мүмкін, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ақпарат Telegram-каналдардың бірінде пайда болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жағдайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады ведомстводан.

Алматы 13 жастағы қыз Зорлық күдікті ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар