Placeholder
ФОТО: Depositphotos
Қазақстан жаңалықтары23 сәуір 2024, 10:46

1 маусымға дейін құрылыс объектілеріне ревизия жүреді

Үкімет басшысы Олжас Бектенов проблемалық объектілердің құрылысын аяқтау жөніндегі жол картасын жетілдіруді тапсырып, Алматы облысы және Қызылорда облысында инженерлік желілерге бөлінген қаражаттың тиімсіз игеріліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Өнеркәсіп министрлігі өңір әкімдіктерімен бірлесіп, 1-ші маусымға дейін салынып жатқан барлық объекті құрылысының заңдылығы мен құжаттарына ревизия жүргізуі қажет. Оның қорытындысы бойынша бір айдың ішінде осыған дейін қабылданған проблемалық объектілерді аяқтау жөніндегі жол картасын өзектендіру керек. Ең бастысы, барлық үйді мерзімінде тапсыру үшін қатаң бақылау қажет. Көп өңірде инженерлік желілерді жүргізуге бөлінген қаражат тиімді игерілмей отыр», - деді Олжас Бектенов.

 

құрылыс объектілері ревизия Үкімет Олжас Бектенов

Тақырыпқа жаңалықтар