Жол апаты

Жол апаты - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Жол апаты】 жаңалықтар Arbat media
24 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Алматыдағы автобус апаты: сотталушы өзін тек «Бұзақылық» бабы бойынша кінәлі деп санайды

Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында абайсызда үш адамның өліміне әкелген бұзақылық және көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету ережелерін бұзды деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы өтті. Сот отырысы онлайн-трансляция арқылы көрсетілді.

23 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Алматыда мопед пен полиция экипажының көлігі соқтығысты

Алматыда тұтас жолақты кесіп өткен полиция көлігіне мопед соғылды.Әлеуметтік желіге шыққан видеодан тұтас жолақты кесіп өткен полиция көлігіне мопедтің соғылғанын көруге болады. Желідегі жазбада аталған видеоның көптеген әлеуметтік желінің каналдарынан алып тасталғаны жазылған.

17 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Атырауға көмекке бармақ болған Түркістан облысының тұрғынын жүк көлігі басып қалды

Су тасқынынан зардап шеккен аймаққа көмекке бармақ болған тұрғынды өзінің жүк көлігі басып қалды. Оқиға Ордабасы ауданына қарасты Бадам елді мекеніндегі темір жол станциясында болды. Қоғам белсендісі Диас Нұрақынның жазуынша «хово» жүк көлігін вагонға тиеп жатқанда көлік доңғалағы тайып кетіп, иесін басып қалған. Салдарынан 7 баланың әкесі 37 жастағы азамат оқиға орнында қайтыс болды.

1 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Алматы-Өскемен тасжолында көлік көпірден құлап, ер адам көз жұмды

Республикалық маңызы бар «Алматы-Өскемен» тасжолында көлік көпірден құлап, 23 жастағы ер адам мерт болды. Жол-көлік оқиғасы «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысына қарасты аумағында тіркелген. Жолдың 976 шақырымында келе жатқан Lada Kalina маркалы автокөлігі көпірден құлап кеткен.

22 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Алматыда адам өліміне әкелген жол апаты болды

Алматыда Саин көшесінде болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды. Әлеуметтік желіде апат орнынан түсірілген видео пайда болды. Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 21 наурыз күні сағат 20:00-де Әуезов ауданында болған.