Оқыс оқиға

Оқыс оқиға - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Оқыс оқиға】 жаңалықтар Arbat media
26 наурыз 2024 / Мир

Ресей шахтасында екі жұмысшы үйінді астында қалып қойды

Ресейдің Свердлов облысындағы «Калинская» шахтасында екі кенші үйінді астында қалып қойды. Бұл туралы Северуральск боксит кенішінің (СУБР) баспасөз қызметі жариялады, деп жазады ТАСС.«Тау жынысы опырылуы салдарынан «Калинская» шахтасында апат болып, екі кенші үйінді астында қалды. Олар сигнал беріп жатыр», - деп хабарлады компания. Кейінірек Төтенше жағдайлар министрлігінің облыс бойынша баспасөз қызметі құтқарушылардың басып қалған кеншілердің біріне жеткенін айтты.

23 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Екібастұзда балық аулауға шыққан екі адам көлікпен мұз астына түсіп кетті

Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Көлік жағадан шамамен 700-800 метр жердегі мұз ойығына құлап кеткен. Оқиға Екібастұздың ГРЭС-2 стансасы аумағында, «Шандықсор» жасанды су қоймасында болған. 1978 және 1976 жылғы екі ер адам балық аулауға шығып, жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткен.

12 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Семейде қатты желден көпірдің жақтауы құлады

Семей қаласында қатты желден көпір жақтауы құлады. Қалада қатты соққан жел Автогужевой көпіріндегі жақтауды құлатты. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Әділбек Увасилов қазіргі мән-жайды айтып берді. 

11 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Алматы облысында бірнеше үйдің ауласын су басып қалды

Алматы облысы Қосқұдық ауылындағы бес тұрғын үйдің ауласын еріген қар суы басып қалды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ауа райының күрт жылынуына байланысты Қонаев қаласы Қосқұдық ауылында қар қарқынды еріп, аулаларды су басқан.

16 ақпан 2024 / Новости Казахстана

Маңғыстауда жүк көлігі ауыл халқын газсыз қалдырды

Жаңаөзен құрамына кіретін Кендірлі ауылында жүк көлігін жүргізген тұрғын газ құбыры желісін қағып, апатқа себепкер болды. Қазіргі уақытта ауыл тұрғындары орталықтандырылған газдан ажыратылды.