Атырау облысы

Атырау облысы - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Атырау облысы】 жаңалықтар Arbat media
16 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Жайық жағасындағы Аспаның 86 тұрғыны көшіріледі

Аспа елдімекеніндегі 86 тұрғын қауіпсіз аймаққа көшіріледі. Себеп – елді мекен Жайық өзеніне өте таяу орналасқан. 229 шақырым бөгет салу жоспарланған. Қазір бөгеттің 139,2 шақырым салынған. Қайыршақты ауыл округінің аумағындағы Аспа елдімекенінде 16 тұрғын үй бар. Бұл ауылда 86 адам тұрады. Елді мекен Жайық жағалауына жақын оорналасқандықтан, үйлердің салығы шайылып барады.

15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысында пышақталған 4 адамның біреуі ауруханада көз жұмды

Атырау облысында 4 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, оның біреуі ауруханада көз жұмды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 15 суірде болған.

14 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Су тасқыны: Атырауда 500 үйге электр қуаты қайта берілді

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағалиев өңірдегі су тасқыны жағдайы туралы баяндады. Электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүруде. Қазір 500 үйге электр қуаты қайта берілді, күн сайын 60-тан 100-ге дейін үй қосылып отырады.

7 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Тасқын: Атырау облысында 26 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Атырау облысында 1 сәуірден бері тасқын су қаупінен 26 467 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 5 976 бала бар. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, Құлсары қаласында 2 810 тұрғын үй және инфрақұрылымдарды су басқан.

7 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Маңғыстауда жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапкершілікке тартылды

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты жалған ақпарат таратқан жаңаөзендік жауапкершілікке тартылды. Еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан өте күрделі жағдай орын алуда. Осыған орай «Жаңаөзенде жол жабылды» деп алаңдаушылық сипатта жалған ақпаратты әлеуметтік желі арқылы таратып жіберген.

6 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтауда эвакуация пункті ашылды

Ақтауда су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысы, Жылыой ауданының азаматтарына арналған эвакуация пункті ашылды. Қаланың 17 шағынауданында орналасқан жатақханаға Құлсарыдағы су тасқыны кезінде көшірілген тұрғындардың бір легі орналасады.

4 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысының тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Су тасқынына байланысты Атырау облысының Жылыой ауданында төтенше жағдай жарияланды. Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақованың мәлім етуінше, қазір су тасқыны қиындық туғызып отыр.

31 наурыз 2024 / Новости Казахстана

Атырау облысындағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысынлағы Қызылқоға ауданының орталығы – Миялы ауылына Ойыл өзенінен тасқын су кіру қаупі туындады. Осыған байланысты төтенше жағдай жарияланып, ауыл тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруге шешім қабылданды.