Ақтөбе

Ақтөбе - Қазақстандағы жалғыз еуразиялық порталдағы соңғы жаңалықтар тізімі. туралы жаңа ақпаратты оқыңыз 【Ақтөбе】 жаңалықтар Arbat media
16 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде тағы бір ауылдың халқы эвакуацияланып жатыр

Ырғыз ауданында Құйлыс ауылының тұрғындарын эвакуациялау жұмысы басталды. Мұнда 500-ден астам адам тұрады.Ырғыз ауданында бұған дейін Нұра, Мамыр және Белшер ауылдарынан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Қазіргі кезде Мамыр мен Нұра ауылдарына су кіргені белгілі. Енді төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті атқарушы орган өкілдері мен еріктілер Құйлыс және Жайсаңбай ауылдарын судан қорғау үшін жағалауды бекітіп, құм толы қап төсеп жатыр.

16 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Спорт мектебіндегі өлім: Екі тәрбиеленуші қамауға алынды

Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі оқушы қазасынан соң екі тәрбиеленуші күдікке ілігіп, қамауға алынды. Үш қылмыстық іс қозғалды.

15 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде Мамыр мен Нұра ауылдарына су кірді

Ырғыз ауданындағы Мамыр, Нұра ауылдарына Торғай өзенінен келген су кірді. Ауыл тұрғындары мен төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган өкілдерінен 120-дан астам адам, 7 техника жұмылдырылғанымен, бөгет бұзылды.

10 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде су сору, құм төсеу мен комиссия жұмысы онлайн бақылауда

Ақтөбе облысындағы Ахуалдық орталық Жедел штабпен бірге жұмыс істеп тұр. Мұнда кімге қандай көмек қажет екені, қаладағы су сору, құм төсеу жұмыстарымен бірге арнайы комиссия жұмысы онлайн бақыланады. 17 күнде 20 мыңға жуық қоңыру қабылданды.

9 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге 64 млн теңге әлеуметтік төлем берілді

Ақтөбеде су тасқынынан келген материалдық шығындарды есептеу басталды. Cу тасқыны салдарынан облыста 1087 тұрғын үй, 47 ғимарат пен құрылыстар, 232 аула және 852 саяжай үйлері зақымданған. Зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға 2 пункт құрылып, барлығы 300 тоннаға жуық тауар жиналды. Оның 215 тоннасы мұқтаж тұрғындарға таратылды. Бұл жұмысқа 8 524 волонтер ат салысуда.

8 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде және Ақтөбе облысындағы 6 ауданда төтенше жағдай жарияланды

Ақтөбе облысы бойынша жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттық төтенше жағдай 6 ауданда және Ақтөбе қаласында жарияланды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.

3 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбеде Елек және Қарғалы өзендері қайта көтеріліп жатыр

Ақтөбе қаласында Елек және Қарғалы өзендері көтеріліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті қажет болған жағдайда 112 және 109 байланыс нөмірлеріне қоңырау шалуды сұрады. Ақтөбе қаласында қазіргі кезде қауіп әлі сейілген жоқ. Облыстық ТЖД әуеден бақылау кезінде Қарғалы өзені бассейнінде қар әлі де бар екенін анықтады. Сонымен бірге Елек өзені бойынша арналары мен ойпаттарда қар еріп, су жүріп жатқаны белгілі болды.

3 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Ақтөбедегі ана мен бала өлімі: Сот ешкімді жазалаған жоқ

Ақтөбеде әйел мен оның ұлының өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысы аяқталды. Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында пәтерге заңсыз кіріп үйді тонаған, сонымен қатар екі адамды өлтіріп, кішкентай қызды өлтіруге оқталды деген айып тағылған марқұмға қатысты (192-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы, 99-бабының 2-бөлігі, 1,14-тармақтары, 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 3-бөлігі) іс қаралды.