Алматы

Новости Алматы - последние новости и события, происходящие в южной столице Казахстана. Узнайте все о политике, экономике, культуре, спорте и других важных аспектах жизни города Алматы. Мы постоянно обновляем нашу ленту

Сегодня, 17:01 / Новости Казахстана

Алматы облысында заңсыз салынған нысандар бұзылып жатыр

Алматы облысында заңсыз құрылыспен күрес жалғасуда. Алматы облыстық сәулет-құрылыс мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Қайыржан Жақсымбетовтың айтуынша, өткен жылы 711 әкімшілік іс қозғалып, нәтижесінде 5 нысанды бұзу туралы шешім қабылданған. Сот шешімімен Қарасай ауданындағы «Orda Town» көпқабатты тұрғын үй кешені, Еңбекшіқазақ ауданындағы кірпіш зауыты, Талғар ауданы Байбұлақ ауылындағы екі көпқабатты тұрғын үй кешені бұзылды. Тағы төрт нысан сүріледі, ал біреуі бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. 

15 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Алматыда бірнеше көшеге танымал тұлғалардың есімдері берілмек

Мегаполисте бірнеше көшеге белгілі өнер қайраткерлерінің есімі берілмек. Қалалық мәслихаттың хабарлауынша, тұрғындардан шаһар көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімін беру туралы өтініштер келіп түскен. 

4 мамыр 2024 / Новости Казахстана

Елімізде аденоманы заманауи құрылғымен алып тастау қолға алынды

Алматы қаласында аденоманы жаңа заманауи жоғары технологиялық құрылғымен алып тастау қолға алынды. Медициналық практиканы және озық технологияны қолдануды ұдайы жетілдіру шеңберінде Алматы Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жаңа жоғары технологиялық хирургиялық аппаратты пайдалана отырып, аденоманы алып тастау қолға алынды.

30 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Лапароскопиялық әдіспен тоқ ішегіндегі қатерлі ісікті алып тастауға болады

Алматылық дәрігерлер лапароскопиялық әдіспен науқастың тоқ ішегіндегі үлкен ісікті алып тастады. Оңтүстік астанадағы №7 қалалық клиникалық аурухана хирургтері Крона ауруы, жаралы колит, тоқ ішектің дивертикулярлы ауруы, тік ішек эндометриозы, ішектегі қатерлі ісік пен онкологиялық емес ісіктерді жоспарлы түрде лапароскопиялық тәсілмен емдеп келеді.

29 сәуір 2024 / Новости Казахстана

Алматыда қызды пышақпен қорқытып зорлаған бар күзетшісі сотталды

Алмалы аудандық сотында қызды пышақпен қорқытып, зорлады деп айыпталған К-ға катысты қылмыстық іс қаралды. Сот отырысы жабық өтті. Сотталушыға 2 эпизод бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылды.