Placeholder
Фото: ҚТФ
Спорт10 мамыр 2024, 1:28

Юлия Путинцева Римде АҚШ чемпионын тізе бүктірді

Қазақстандық, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Рим WTA 1000 турнирінің үшінші айналымына шықты. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, 2017 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы, америкалық Слоан Стивенспен бетпе-бет келді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бірінші партияда Путинцева 6:3 есебімен басымдылық танытты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Юлия екінші сетте қарқынын үдете түсті – 6:2.

Бір сағат 14 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы эйс жасамағанымен, 7 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Стивенс мақтанарлық ештеңе көрсетпеді – 4 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Юлия Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек немесе рейтингіде 77-сатыдағы америкалық Бернарда Пераның қай жеңгенімен таласады.

Қазақстандық теннисші WTA Live рейтингісінде қазіргі кезде 37-орынға көтеріліп тұр.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Рим жарысының екінші айналымында рейтингіде 161-орындағы румыниялық Ирина Бегумен кездеседі.

 

Юлия Путинцева Рим WTA 1000 Теннис

Тақырыпқа жаңалықтар