Placeholder
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Спорт14 сәуір 2024, 20:56

Хоккей: Қазақстан құрамасының 3 ойыншысы арнайы сыйлыққа ие болды

Хоккейден қыздар арасында IIA дивизионы бойынша өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының үш ойыншысы арнайы сыйлыққа ие болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Үздік қақпашы - Арина Щеколова, ал үздік шабуылшы ретінде - Александра Шегай таңдалды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының ең үздік ойыншысы атағын Анастасия Оразбаева иеленді.

7 сәуірден бастап Андорра мемлекетінде екінші дивизионның А тобында ойындар өткізілді. Қазақстандық хоккейшілер Бельгия, Мексика, Тайвань және Исландиямен жалғыз жолдаманы сарапқа салды.

 

Хоккей Қазақстан құрамасы арнайы сыйлық

Тақырыпқа жаңалықтар