Placeholder
Фото: Теңге ілу федерациясы
Спорт10 ақпан 2024, 10:00

Теңге ілу федерациясы көшпенділер ойынына дайындықты бастады

Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде Ұлттық спорт қауымдастығының теңге ілу федерациясы өңірлік теңге ілу спортының жаттықтырушыларымен кеңейтілген алқа жиынын өткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Отырыста федерация президенті Амангелді Әбдіқадыров федерацияның өткен жылғы жұмысын қорытындылап, 2024 жылы республикалық және халықаралық деңгейде өтетін шараларға тоқталды.

Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Тастанбек Есентаев барлық федерацияларға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын жоғары деңгейде өткізуге дайындықты күшейту міндеті тұрғанын атап өтті.

Отырыста теңге ілу спортын одан әрі дамыту және ойын ережелерін нақтылы жүйеге келтіріп, жетілдіру жағы да сөз болды.

Жиын қорытындысы бойынша ұлттық спортты дамытуға қосқан үлесі үшін бірқатар қатысушылар федерацияның алғыс хатымен марапатталды.

 

Теңге ілу федерациясы көшпенділер ойыны

Тақырыпқа жаңалықтар