Placeholder
Фото: Бокс федерациясы
Спорт7 мамыр 2024, 23:28

Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы болды

Қазақстандық боксшы Темірлан Мұқатаев Астанада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының ақтық сынында өзбек боксшысы Самандар Жалоловпен жұдырықтасты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Sports.kz жазды.

Мұқатаев пен Жалолов 86 келі салмақта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өткен турнирдің финалында кездесті. Тартысты жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы қарсыласын бірінші раундта бір рет, екінші раундта екі рет нокдаунға түсіріп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Темірлан Мұқатаев 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанса, Самандар Жалолов құрлық біріншілігін күміс медальмен аяқтап отыр.

 

Темірлан Мұқатаев Азия чемпионы бокс

Тақырыпқа жаңалықтар