Placeholder
Фото: ҚР Бокс федерациясы
Спорт10 ақпан 2024, 6:59

Странджа кубогы-2024: Үш боксшымыз жартылай финалға шықты

Кіші әлем чемпионаты саналатын Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Странджа кубогында бүгін шаршы алаңға 8 боксшымыз шығып, үшеуі жеңіске жетсе, қалған бесеуі қарсыластарына есе жіберді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Атап айтсақ, 51 келі салмақта Санжар Тәшкенбай моңғолиялық қарсыласы Ганхуягийн Ган-Эрдэнэні 5:0 есебімен ұтып, жартылай финалға шықты.

54 келі салмақта сынға түсіп жатқан жерлесіміз Дәулет Молдашев Франция боксшысы Биллал Беннамаға 0:5 есебімен жол берді.

57 келі салмақтағы боксшымыз Оразбек Асылқұлов монғолиялық боксшы Енх-Амар Хархууға 5:0 есебімен жол берді.

60 келіде Руслан Күзеубаев өзбек боксшысы Абдумалик Халоковтан 5:0 есебімен ұтылды.

63,5 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Ерасыл Таңқайда өзбекстандық Адхамжон Мухиддиновтан айласын асыра алмады.

67 келі келі салмақта Дулат Бекбауов Украинадан келген Данило Лозанды 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалға жол ашты.

75 келіде сынға түсіп жатқан Нұрқанат Райыста өзбекстандық боксшы Фазлоддин Еркинбоевтан 1:4 есебімен ұтылып қалды.

80 келі салмақта Тұрсынбай Құлахмет украиналық Матвей Ражбаны 4:1 есебіммен ұтты.

Странджа кубогы-2024 Санжар Тәшкенбай Дәулет Молдашев Оразбек Асылқұлов

Тақырыпқа жаңалықтар