Placeholder
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Спорт10 мамыр 2024, 9:00

Сандуғаш Кенжебаева Анталия турнирінің ширек финалына өтті

Қазақстандық, 19 жастағы Сандуғаш Кенжебаева жекелей сында Анталия (Түркия) ITF турнирінің ширек финалына өтті. Дүниежүзілік рейтингіде 1171-орында тұрған қазақстандық жас теннисші алдымен тартысты матчта ресейлік Милана Сафиуллинаны жолдан тайдырды – 7:6 (8:6), 6:4, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сандуғаш екінші айналымда, отандасы, әлемнің 754-ракеткасы Аружан Сағындықованы қапы қалдырды – 7:5, 6:3, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Сандуғаш Кенжебаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің – 660, осы жарыстың 2-ракеткасы, германиялық Наталия Сидлискамен таласады.

А.Сағындықова алғашқы айналымда италиялық, рейтингіде 837-сатыдағы Самира Де Стефаноны ұтқан еді – 7:5, 6:2.

Тағы бір қазақстандық Дана Байдәулет бірінші кездесуінде рейтингіде 1343-орындағы мексикалық Клаудиа София Мартинес Солисті 7:5, 1:6, 6:2 есебімен жеңді. Алайда екінші айналымда әлемнің 691-ракеткасы, италиялық Верена Мелиске жол берді – 0:6, 3:6.

Зарина Дияс Фукуока (Жапония) ITF W 75 турнирінің екінші айналымында әлемнің 286-ракеткасы, оңтүстіккореялық Су Джон Чанға 4:6, 4:6 есебімен есе жіберіп, ширек финалдан тыс қалды.

 

 

Сандуғаш Кенжебаева Анталия ширек финал Теннис

Тақырыпқа жаңалықтар